×

Теміртау маңында жол апатынан екі бала қаза тапты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды 

 Халық үні 07.05.2024 | 22:26
фото: inbusiness.kz

Теміртау қаласына жақын жерде екі көлік соқтығысты. Салдарынан екі бала қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға сағат 17:56-да болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында, Теміртау қаласына жақын жерде Toyota Camry және Chevrolet Nexia маркалы екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.

Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, екі көліктегі он жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қаза тапқандардың екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтауға және белгіленген жылдамдықты бұзбауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама