×

«Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен»: Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы естелік айтты

Қошқарбаев рейхстагқа ту тіккенде 19 жаста болған

 Халық үні 07.05.2024 | 21:48
фото: видеодан скриншот

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естеліктерін бөлісті. Бұл туралы батырдың қызы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі рейхстагқа ту тіккенін ерлік деп санамаған.

«Ол соғыс жайлы көп айта бермейтін. Әкемнің рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын, - дейді Әлия Қошқарбаева.

Рақымжан Қошқарбаев рейхстагқа ту тіккенде 19 жаста болған.

ЙМенің жолым болды дейтін. 19 жаста ерлік жасады. Қазіргі балалар не ойлайды? Батырлықты ойламайды ғой. 30 сәуірде рейхстагқа ту тіккенде тірі қалған Григорий Болатов екеуміз деп айтатын. Жан-жақтан атқылаған оқтан аман қалу өте қиын. 8 сағат бойы бас көтермей, жер бауырлап рейхтагқа жеткен. Сол кезде 400 метр жерге бас көтермей жеткенде екі адам ғана тірі қалған ғой, - деді Әлия Қошқарбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама