×

7 мамырға ауа райы болжамы жарияланды

Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі

 Халық үні 07.05.2024 | 08:31
Фото: Владимир Сергеев

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 7 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ күтіледі. Тек еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстік-батыста, шығыста – тұман.

Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Түркістан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама