×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді.

 Халық үні 06.05.2024 | 19:30
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 7-9 мамырға ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңірлеріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі. Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде төмен температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді.

Бірақ батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, алдымен оңтүстік циклонымен жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін. Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтайды және ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама