×

Су тасқынына қарсы күреске барған Алматы әкімдігінің тобы БҚО-дан оралды

Алматылықтар 512 тонна гуманитарлық көмек жинады

 Динара Амантай 06.05.2024 | 16:45
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы әкімдігі ел өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына жедел ден қойды. Қалада гуманитарлық көмек жинау жарияланды. Қысқа мерзім ішінде Алматы тұрғындары қоймаларды азық-түлікпен, киіммен, гигиена құралдарымен, тұрмыстық заттармен толтырды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 200-ден астам еріктілері мен 100 курсанттары зардап шеккен аймақтарға қажетті тауарларды қабылдады, сұрыптады, тиеді және жөнелтті. 29 наурыз бен 3 мамыр аралығында алматылықтар 512 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Алматылық меценаттар азық-түлік, киім-кешек және басқа да тауарларды сатып алумен қатар, арнайы техника бөліп, гуманитарлық көмекті орналастыру үшін қоймалар ұсынды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысына жөнелту үшін 400 – ге жуық маман – сәулетшілерден, құрылысшылардан, энергетиктерден, техникалық персоналдан және жүргізушілері мен механиктері бар 243 арнайы техникадан тұратын толық жасақталған штаб құрылды.

Барлық қатысушылардың үйлесімді және үйлестірілген жұмысы мүмкіндігінше қысқа мерзімде күштерді ауыстыруға, техниканы теміржолмен жинауға, тиеуге және жеткізуге мүмкіндік берді.

Мен әр минуттың қымбат екенін сезіндім. Біз БҚО-ға жүктерді уақытында жөнелту үшін тәулік бойы жұмыс істедік. Мен тиеудің дұрыстығына және тасымалдау құжатын ресімдеуге жауапты болдым. Біз 500 келілік өтпелі көпір жасадық, осылайша техника келесі вагондарға кедергісіз ауысып отырды. Ауыр машиналардың әр дөңгелегі сыммен байланған, пойыздардың қауіпсіздігі үшін штангалар қойылды. БҚО-ға пойыз жөнелтуге уақытымыз болмады, кенеттен бастықтар келіп, бізбен бірге жұмыс істей бастады. Біз үлгердік, – деді 20 жылдық тәжірибесі бар Алматы-1 станциясының жүк және багажды аға қабылдаушы әрі тапсырушы Шолпан Асанова.

Қарсы алатын өңірде ауыртпалық тудырмау үшін Алматы штабы толық дайындықпен жолға шықты. Автономды жұмыс үшін қызметкерлер далалық ас үймен, дәретханалармен, шатырлармен, өрт сөндіру техникасымен, су таситын көлікпен, жылжымалы командалық пунктпен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталды. Көмекші персонал құрамында дәрігерлер, ТЖ қызметі және әкімдік қызметкерлері болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама