×

Таразда есірткі сатушылар ұсталды (ВИДЕО)

Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 04.05.2024 | 15:38
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 грамм мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Яғни, 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңгеге бағаланады.

Екі жақын дос Таразда есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын ала кезекті келісімінен кейін жүргізілді, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама