×

Үлкен Алматы айналма автожолына уақытша шектеу енгізіледі

Бұл жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін маңызды

 Дәурен Ерболат 03.05.2024 | 17:54
Фото: Көлік министрлігі

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолындағы (БАКАД) кейбір жолақта қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Бүгін БАКАД-та жолдағы белгілерді жаңарту жұмысы басталды. Осыған байланысты мамырда кейбір жолақта қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған, - деп жазылған хабарламада.

Жаңартылған белгілер жолақтардың шекарасын анық көрсетеді. Бұл жүргізушілердің жол ережесін сақтауына септігін тигізіп, төтенше жағдай қаупін азайтады.

Жол белгілерін жаңарту мамырдың соңында аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама