×

Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупі бар

Бұқтырма өзенінде судың деңгейі көтерілген

 Дәурен Ерболат 03.05.2024 | 10:47
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупі бар. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО-да жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде судың деңгейі көтерілді. Салдарынан Алтай, Глубокое аудандарындағы 24 ауланы су басты. Бөгеттерді бекіту және су басқан аймақтарда су сору жұмысы жүргізіліп жатыр, - деді Асқар Шәріп ОКҚ-да өткен брифингте.

Ресми өкіл Атырау облысы Жайық өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жалғасып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол тасқынға қатысты соңғы ақпаратқа тоқталды.

Республика бойынша 48 611 адам үйіне оралып, 5 961 адам эвакациялау пунктеріне орналасты. 8 189 тұрғын үй мен 2 977 ауладан су сорып шығарылды. Тасқынға қарсы 7,7 млн қап және 2,5 млн тонна инертті материал төселді. Су тасқынына қарсы жұмысқа 14 мыңнан аса адам, 1 523 техника, 244 су сору құралы, 74 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ТЖМ ресми өкілі.

Бұған дейін Алтай ауданында тұрғын үйлерді су басып жатқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама