×

Алматы облысында мейрамханалардың бірі өртенді

Өрт сөндірушілер 3 газ баллонын алып шықты

 Динара Амантай 02.05.2024 | 16:54
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖД мәліметінше, жалын тек қоймаларды ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы сауда орындарын да шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барысымен ауа-газ қоспасының екі тарсылын естіген. Сондықтан өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары оттың таралуына жол бермей, ошақтан көлемі 50 литр болатын 3 газ баллонын алып шықты.

Өрт толығымен сөндірілді. Оның ауданы 165 шаршы метр болды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебін сарапшылар анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама