×

Ақмола облысында ауыл тұрғыны ыстан уланып көз жұмды

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды

 Динара Амантай 02.05.2024 | 09:29
Фото: Ақмола обл. ТЖД-ның баспасөз қызметі

Бүгін түнде Ақмола облысының Жаңақима ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жылыту пешінің ақауы салдарынан үйдің іші ыстанып, 50 жастағы ер адам көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша ол көміртегі тотығымен уланған.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама