×

Шымкентте шенеунік жауапқа тартылды

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 9 хаттама толтырылды

 Динара Амантай 30.04.2024 | 17:28
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды іске асыру және бюджет қаражатын игеру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау нәтижелеріне сәйкес, конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамада көзделмеген талаптарды көрсету, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп заңсыз тану және өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге шара қолданбау фактілері анықталды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне қатысты прокурорлық қадағалау актісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы 5, 7 және 10-баптары бойынша («Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік құқықбұзушылық туралы 9 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 332 280 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама