×

Жетісу облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды

Ер адам жауап алу кезінде өзінің кінәсін толық мойындады

 Дастан Жұмабекұлы 30.04.2024 | 11:09
Фото: halyq-uni.kz

Жетісу облысының полицейлері 28 жылқыны ұрлаған күдіктіні ұстады.

Polisia.kz-тің мәліметінше, полицейлер бұрын жасалған қылмыс санатындағы 28 бас жылқыны ұрлаған күдіктіні анықтаған. Оның жылқыны ұрлағаны туралы дерек Ескелді ауданында өткен жылдың маусымында тіркелген.

Жылқыларды ұрлады деген күдікке Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ілікті. Ол жауап алу кезінде өзінің кінәсін толық мойындады.

Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданы ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдың арасына қосып, жасырмақ болған. Ұрланған жылқылар таңбалар арқылы табылды, – деп хабарлады облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама