×

Жамбыл облысында кәсіпкерлер 105 млн теңге субсидияны заңсыз алған

108 шаруаның атынан жалған құжат жасалған

 Динара Амантай 30.04.2024 | 09:32
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алған.

2024 жылы 30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді. Қылмыстық істі тергеу облыстың экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама