×

Қазақстан-Мысыр әуе рейстерінің саны үш есе артады

Жаз қарсаңында туристер үшін жағымды жаңалық шықты

 Қымбат Елтайқызы 07.05.2024 | 12:06
фото: tourweek.ru

Астанада Қазақстан мен Мысыр авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.

Бұнымен бірге, тағайындалған тасымалдаушылар саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы Air Astana және SCAT тасымалдаушыларымен қатар Fly Aystan әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы EgyptAir, EgyprAir Cargo, Air Cairo тасымалдаушыларына Red Sea және Nile Air қосты. Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екі тараптың белгіленген әуе компаниялары рейстер санын көбейтуді және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр, – деді Азаматтық авиация комитеті.

Астана халықаралық әуежайының басшылығы мәлімдеме жасады. Бейжің қаласына әуе рейстері артады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында рейстер көбейеді. Түркістаннан Самарқандқа тұрақты түрде ұшақ қатынайды. Қазақстан мен Таиланд визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясы енгізілмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама