×

Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай мемлекет атанды

Тізімнің соңында Макао мен Люксембург тұр

 Дәурен Ерболат 06.05.2024 | 10:11
Фото: Sputnik / Илья Питалев

Әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең бай мемлекет атанды, деп хабарлады Global Finance. 

Рейтингте Қазақстан Орталық Азиядағы көрші елдердің арасында ең төменгі орынға ие болды – 128. ЖІӨ-ПОҚ көрсеткіші бойынша еліміздегі әрбір тұрғынға 34 534 доллардан келеді. Осылайша, еліміз рейтингте Орталық Азия республикалары арасында ең бай мемлекет атанды.

Тізімде Түрікменстан 101-орында, Өзбекстан 67-орында, Қырғызстан 48-орында тұр.

Орталық Азиядағы ең кедей мемлекет – Тәжікстан. Ол 43-орынға ие болды.

Әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде Қазақстан Әзербайжан (98-орын) мен Қытайдың (113-орын) алдында тұр, ал Түркия біздің алдымызда – 140-орын.

Жаһандағы ең кедей мемлекет тізімінде Оңтүстік Судан, Бурунди және Орталық Африка Республикасы көшбасында. ТОП-10 тізімге Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Нигер, Малави, Либерия, Мадагаскар және Йемен енді.

Сондай-ақ рейтингтің ең соңында Люксембург (190-орын), Макао (189-орын) және Ирландия (188-орын) тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама