×

Түркістанға оқушыларды апара жатқан газельден өрт шықты

Балалар Түркістан қаласына экскурсияға бара жатқан

 Қымбат Елтайқызы 08.05.2024 | 15:41
Фотода басқа оқиға: Қостанай обл. ТЖД баспасөз қызметі

«Шымкент-Самара» автожолында «Газель» көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Газельді жалын толығымен шарпыды. Ішінде болған 16 оқушы мен бір жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Олар Қызылорда облысынан Түркістан қаласына экскурсияға бара жатқан, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап отты 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды. Астанада жатақхана өртенді. Ақтөбеде өртенген үйден екі адамның денесі табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама