×

Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Оқиға жаңа ғимаратта болған

 Қымбат Елтайқызы 08.05.2024 | 12:50
фото: Halyq Uni

Алматы қаласының өрт сөндірушілері жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыс қоқысы жанды. Өрт сөндірушілер от шыққан үй-жайдан бір газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде 8 шаршы метр алаңдағы жалынды жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі - отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Астанада жатақхана өртенді. Ақтөбеде өртенген үйден екі адамның денесі табылды. Алматы облысында мейрамхана өртке оранды. Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде пәтер өртенді. ШҚО-да демалыс базасында өрт шықты. Абай облысында тағы да орман өртке оранды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама