×

Атырау облысында 345 км бөгет салынды

Жұмыстар үзіліссіз жүріп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 07.05.2024 | 17:45
фото: primeminister.kz

Бірнеше жүз шақырымдық бөгет Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында салынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөгет салу жұмыстары жүргізілді,- деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізіп жатыр. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорылды. 50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр. 

Құлсарыда 100-ден астам үй әлі су ортасында тұр. Атырау облысында Жайық суы арнасынан асты. Қазақстандықтар су тасқынымен қалай күресіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама