×

Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Алапат тасқын ел-жұртқа қауіп төндіргенде сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды, деді президент

 Қымбат Елтайқызы 07.05.2024 | 09:00
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы.

Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады. Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз. Алапат тасқын ел-жұртқа қауіп төндіргенде сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетті, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың сөзінше, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Ол сөзін «қарулы күштеріміздің мерейі үстем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» деп түйіндеді.

Бұған дейін президент «қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс» деген болатын. Елордада 7-9 мамырда қандай іс-шаралар өтетіні хабарланды. «Отан қорғаушы күнін» ауыстыру қажет пе?» деген сұраққа тарихшылар пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама