×

СҚО-да тасқынға байланысты жабылған республикалық жол ашылды

Жолды қалпына келтіруге 13 арнайы техника жұмылдырылып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2024 | 14:03
Фото: qaj.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 871-873 км ашылды, деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚО филиалы.

Бұл тасжол Есіл өзенінің тасуына байланысты 9 сәуірде «Жезқазған-Петропавл» автожолының екі шақырымын Есіл ауданы Покровка елдімекенінің маңында су шайып кеткен еді. Сол кезде Покровка елдімекеніндегі тұрғын үйлерді тасқыннан аман алып қалу үшін жолды бұзып, суды жіберуге шешім қабылданған болатын.

Қазір жол қалпына келтіріліп  жатыр. Жолдағы ойықты жабуға 15 мың тонна тас төселді.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ-тың мәліметіне қарағанда, осы күндері тиісті жол белгілері қойылып жатыр. Онда жол полициясы қызметкерлері жол ережесін қадағалап жүр.

Бұл учаскеде жұмыс толық аяқталған жоқ. Жолды қалпына келтіруге 13 арнайы техника жұмылдырылып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама