×

Құлсарыдан тасқынмен келген 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Су астында қалған нысандарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 03.05.2024 | 16:30
Фото: Halyq Uni/ Мейірбек Тажқұранов

Бүгінде Атырау облысының Құлсары қаласында тасқын су әкелген шамамен 300 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде қалада 3,7 млн текше метр су сорылып, 2 704 үйден су шығарылған.

8 бригада дезинфекция жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінде 26 әлеуметтік нысанға, 1 347 үйге дезинфекция жүргізілді. Өткен тәулікте қаладан (тасқын су әкелген) 275 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ су тасқыны салдарынан зардап шеккендердің мүлкін бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазір тұрғындардан 2 733 өтініш түсті, - деді Руслан Жұмағазиев ОКҚ-да өткен брифингте.

Биыл 26 сәуірден бастап осы уақытқа дейін облыстағы мамандар 867 нысанға техникалық тексеріс жүргізді. Бұл жұмыс 15 мамырға дейін аяқталады. Сондай-ақ 14 сәуірден 3 мамырға дейін қоғамдық штабта 3 693 тұрғын тиісті көмек алған.

Бұған дейін БҚО-да 7 мыңнан аса адамның ағайындарының үйін пана тұтып жүргені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама