×

Шымкентте экологиялық акция аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр

Отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі

 Динара Амантай 02.05.2024 | 17:32
Фото: Шымкент қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр. Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда.

«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесу өтті. Кездесуге AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ж. Бектаева, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусының директоры Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев, «САМИ» ЖШС-ның бас директоры Сәкен Жамашев, белгілі спортшы Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары, сондай-ақ іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.

Айта кетсек, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалады. Ағаштарды суару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялау қамтамасыз етіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама