×

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: тазалық жұмысы – әрі өнеге, әрі игі іс

Тазалық жұмыстарына 1 мыңға жуық адам қатысты

 Динара Амантай 02.05.2024 | 15:38
Фото: Шымкент қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Соның бірі – «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1 мыңға жуық адам қатысты.

Акция қаладағы барлық 5 аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.

Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі О. Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі Ж. Раев, қалалық мәслихат депутаты Л. Сүлейменов, «Бал Текстиль» ЖШС-ның директоры Т. Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз ауламызды тазалауға шықтық. Бұл – әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан жұрт болыпжұмылу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін, – деді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х. Толаметов.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама