×

Air Astana компаниясының есірткі тұтынған ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады

 Дәурен Ерболат 02.05.2024 | 14:35
фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев Алматы әуежайында есірткі тұтынған Air Astana әуе компаниясы ұшқышының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова министрдің орынбасырынан «Осыдан 1 апта бұрын ірі әуе компаниясының ұшқышы ұсталды. Ол есірткі тұтынған. Жалпы әуе, теміржол, қоғамдық көлік тасымалы саласында қанша адам есірткіге тәуелді? Тізім бар ма?» деп сұрады.

Айдос Рысбаев тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Есірткі тұтынып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады. Жалпы ұшқыштар, жүргізушілер рейске шығар алдында медициналық тексерістен өтеді, - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әуежайында есірткі тұтынған ұшқыштың ұсталғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама